SÄR қоры сан қырлы өнер мен түрлі мәдениет салаларына назар аударады: заманауи өнер көрмелері, баспа қызметі, шығармашылық шеберханалар, кино түсіру, сонымен қатар, ағартушылық және мәдени бастамалар мен шаралар.

Жобалар SÄR қорының мақсаты мен міндеттеріне сай келуіне байланысты таңдалады. Біз Қазақстан мен Орталық Азиядағы мәдениет пен өнердің дамуына бағытталған жобалар және басталамалармен серіктес болуға дайынбыз.

Салима Сәрсенованың бастамасымен 2023 жылы SÄR қорының негізі қаланып, Қазақстандағы жұлдызы енді жанған және даңқы шыққан суретшілердің мүмкіндігін арттыруға, қазақ өнері мәдени мұрасының ізін өшірмей, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыруға жұмыстанады.
Текемет
Ақмола облысы, ХХ ғ. басы
Фотосурет — К.В. Щенников

Міндеті
Қордың негізгі міндеті — шығармашылық тәжірибе алмасу, серіктестік, зерттеу жүргізу және тапсырыстарды бірге орындау арқылы жаңа әлеуеті жоғары жобаларды жүзеге асырып, қазақстандық суретшілерге өз талантын паш ететін алаң ұсыну.
Қордың стратегиялық мақсаттары суретшілердің дамуы мен өсуіне әсер етіп, қаржылай қолдау, түрлі ресурстарға жол ашу, сенімді серіктестікке қол жеткізіп, өз туындыларын жасап шығару мен көрсетуге мүмкіндік жасауға бағытталған. Бұған қоса, Қор қызметі еліміздің мәдени мұрасын ағартушылық және шығармашылық жобалар арқылы жаңғыртып отыруға негізделген.
Философиясы
Біз жергілікті мәдени көріністе алуан түрлі мәселелер бар екенін білеміз және еліміздің мәдени мұрасын сақтап, суретшілер үшін маңызды дүниелерге жол ашып, өнер және басқа да шығармашылыққа жақын салаларда білім беруді қолдай отыра олардың шешімін табуға тырысамыз.
Түрлі сандықтар және асадал
Семей облысы, 1899 ж.
Фотосурет — С.М. Дудин

«Қазақ
ою-өрнегі»
кітабы
SÄR қоры алғашқы жобаларының бірі ретінде Ералы Оспанұлының «Қазақ оюларының этнографиялық атласы» деген еңбегіне негізделген «Қазақ Ою-өрнегі» кітабын басып шығарды. Біздің жобамыз қазақтың ою-өрнегін жіктеу және эволюциясына қатысты авторлық көзқарасты ұсынып, сирек кездесетін суреттер мен тарихи материалдарды қамтиды. «Қазақ Ою-өрнегі» — қазақ халқының асыл мұрасын тарихи қалпында сақтап қалуға негізделген ерекше дүние, оның арқасында болашақ оқырмандар қазақ оюларының тереңде жатқан мән-мағынасын ұға алады.
Баспа үйі: SÄR Foundation
Авторы: Ералы Оспанұлы
Арт-дирекция: Étage Team
Дизайн: Étage Team
Мәтін редакторы: Text & The City
ornamnet book
ornamnet book
ornamnet book
Кітаптың ресми сату орындары
Meloman
Книжный город
Korkem Store
The Elements

Шетелге жеткізу үшін сұраныс жасау:
info@sarfoundation.kz
Тілдер:
қазақша, орысша, ағылшынша
Қатты мұқабалы кітап, 224 бет
Таралым: 1500 дана
серіктестік
SÄR қоры жергілікті және халықаралық деңгейде де мәдени жобаларды жүзеге асыру арқылы өз ықпалын арттыруға ұмтылады. Біз серіктестік және ынтымақтастыққа дайынбыз, осылайша Қазақстанның мәдени алаңындағы қор беделін нығайта аламыз.

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар Қормен ерікті, демеуші және серіктес ретінде байланыс орната алады — олардың әрқайсы мәдени баю мен әлеуметтік прогреске бірегей үлес қосады.

Егер біздің жобаларымыз бен олардың бір бөлігі болу жайында қосымша ақпарат алғыңыз келсе, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық форма арқылы жіберуге болады:
info@sarfoundation.kz
Тері трафарет бастырып
отырған әйелдер
Жетісу, ХХ ғ. бірінші ширегі
Фотосурет — П.С. Лейбин

© 2024 SÄR Foundation. All rights reserved.
instagram